Прокуратура қызметкерлері Шиелі ауданында балабақшаларда артық ақшалар төленгендерін анықтады

Фотография - Прокуратура қызметкерлері Шиелі ауданында балабақшаларда артық ақшалар төленгендерін анықтады

Қызылорда облысы Шиелі аудандық прокуратурасы балалар бақшаларының мемлекеттік бюджет қаржысының мақсатты жұмсауына жүргізген тексеру нәтижесінде біліктілік санатына артық ақшалардың төленгенін анықтады

252 0

Қызылорда облысы Шиелі аудандық прокуратурасы балалар бақшаларының мемлекеттік бюджет қаржысының мақсатты жұмсауына жүргізген тексеру нәтижесінде біліктілік санатына артық ақшалардың төленгенін анықтады.

«Атап айтқанда, «Мұрагер» балабақшасынның бұрынғы меңгерушісі Ж. Полатова 2010-2011, 2011-2012, 2012-2013 оқу жылдарына арналған тарифтік тізімге меңгерушілік лауазымын атқарғаны үшін біліктілік санатына қосымша ақша алып отырған. Осылайша 2011 жылы барлығы 55,5 мың теңге, 2012 жылы - 80,9 мың теңге, 2013 жылдың бірінші тоқсанында - 19,4 мың теңге, барлығы 155,8 мың теңгені негізсіз алып келген», - делінген хабарламада.

Аталған қаржылардың алынғандығы Қызылорда облыстық сот сараптама орталығының 24.06.2013 жылғы № 1472 санды сарапшының қорытындысымен бекітілген.

Осыған байланысты «Мұрагер» балабақшасы» МКҚК бұрынғы меңгерушісі Ж. Полатова Қылмыстық кодекстің 307-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты екені анықталды. Алайда, аталған қылмысты алғаш рет жасап, мемлекетке келтірілген шығынын толтыруына байланысты оның үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Мұндай кемшіліктің «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі Г. Мұсабекованың 2011-2013 жылдар аралығындағы қызметінде бар екені белгілі болды. Ол 154,2 мың теңге негізсіз ақша алған. Тек прокуратураның араласуымен ғана үнемі орын алып отырған заң бұзушылық тыйылып, Ж. Полатова мен Г. Мұсабековадан мемлекетке келген шығындар қайта бюджетке өндірілді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!