"Протонға" наразыларды полиция ұстады

Фотография - "Протонға" наразыларды полиция ұстады

Астанада 30 қыркүйек күні түстен кейін "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға наразы "Антигептил" қозғалысының он шақты өкілін полиция ұстап әкетті

126 0

Астанада 30 қыркүйек күні түстен кейін "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға наразы "Антигептил" қозғалысының он шақты өкілін полиция ұстап әкетті .

Қозғалыс өкілдері Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруына қарсы жүздеген адамның қолы қойылған хатты парламентке тапсырмақ болған. Азаттық тілшісінің айтуынша, белсенділер үкімет үйінен өтіп, парламент үйіне қарай бара жатқанда олардың барлығын полиция ұстап әкеткен.

Есіл аудандық ішкі істер басқармасының кезекші қызметкері ұсталған белсенділердің басқармаға жеткізілгенін Азаттыққа растады.

30 қыркүйекте Байқоңырдан байланыс спутнигін тиеген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған - деп хабарлады azattyq.org

2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген дәл осындай "Протон-М" зымыран тасығышы ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан ғарыш айлағы маңындағы жерді зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны - гептил ластаған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!