Қарағандыда полицейлер өртеніп жатқан пәтерден екі кішкентай баланы алып шықты

Фотография - Қарағандыда полицейлер өртеніп жатқан пәтерден екі кішкентай баланы алып шықты

Қарағанды қаласы ІІБ Күзет полициясы өртеніп жатқан пәтерден екі кішкентай баланы алып шықты

195 0

Қарағанды қаласы ІІБ Күзет полициясы өртеніп жатқан пәтерден екі кішкентай баланы алып шықты,

деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

27 қыркүйекте қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзетуге кіріскен полиция старшинасы Елдос Кездікбаев, аға сержант Біржан Көшмағамбетов және полиция аға сержанты Мақсат Ахмадин Язев көшесі бойындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлаған шақыру бойынша келді. Полицейлер шұғыл бесінші қабатқа көтерілді. Пәтер алдында қолында көтерген кішкентай сәбиі бар әйел жылап, полицейлерден пәтерде қалған 2008 және 2011 жылы туған ұлдарын құтқаруды өтінген.

Белгілі болғандай, пәтерде өрт басталғанда әйел кішкентай сәбиін қолына алып кіреберіске қарай жүгірген, бірақ ол пәтерден шыға бергенде есік сарт етіп жабылып, ұлдары жабық пәтерде қалып қойған. Әйелдің рұқсатымен полицейлер есікті бұзып, түтінге толған пәтерден ұйықтайтын бөлмеде жасырынған ұл балаларды алып шыққан. Екі минут өткеннен кейін өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де келіп жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Балалардың анасы балаларын құтқарғаны үшін полицейлерге алғыс айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!