Жол апатына ұшыраған 7 адамның жағдайы аса ауыр

Фотография - Жол апатына ұшыраған 7 адамның жағдайы аса ауыр

«Алматы-Көкпек-Көктал» күре жолының 55-ші шақырымында, Еңбекшіқазақ ауданының Еңбек ауылының маңында екі жеңіл көліктің қатысумен болған жол апаты орын алды

199 0

«Алматы-Көкпек-Көктал» күре жолының 55-ші шақырымында, Еңбекшіқазақ ауданының Еңбек ауылының маңында екі жеңіл көліктің қатысумен болған жол апаты орын алды.

Кеше кешкісін «Ауди-100» маркалы көліктің жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы келе жатқан «Ауди-80» көлігімен соғылған.

«Ауди-100» көлігінде 5 жолаушы болған - 4 әйел және 1 ер адам. Олардың барлығы, сонымен қатар, екі көліктің жүргізушілері де ауыр жарақаттанған. Бірнеше жедел медициналық қызметтің көліктері арқылы зардап шеккендер Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Бұл аса ірі жол апаты, оның салдарынан адам өлімі болмағаны таңданарлық кездейсоқ жағдай», - деп атап өтті Алматы облысы ІІД ЖПБ басшысы, полиция подполковнигі Нұрлан Ысқақов.

ЖПБ аталған факті бойынша қажетті сараптама тағайындалғанын нақтылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!