БҚО-да «Арқан» жедел шарасы кезінде 14 мал ұрлығы ашылды

Фотография - БҚО-да «Арқан» жедел шарасы кезінде 14 мал ұрлығы ашылды

Батыс Қазақстан облысында 26-28 қыркүйек аралығында өткізілген «Арқан» жедел алдын алу шарасы кезінде 17 мал ұрлығы тіркелді

237 0

Батыс Қазақстан облысында 26-28 қыркүйек аралығында өткізілген «Арқан» жедел алдын алу шарасы кезінде 17 мал ұрлығы тіркелді.

Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 14-і ізі суымай ашылып, ұрланған 40 бас малдың 16-сы иелеріне қайтарылған.

Сонымен қатар шара кезінде бұрын жасалған 7 мал ұрлығы қоса ашылды.

Мал ұрлығын жасағаны үшін 19 адам ұсталды. Бөкей ордасы, Қазталов аудандарында мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топ әшкереленді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!