Қазақстандық шекарашыларға шабуыл жасалды

Фотография - Қазақстандық шекарашыларға шабуыл жасалды

Қазақстандық шекарашыларға Қырғызстанмен шекарада шабуыл жасалды

128 0

Қазақстандық шекарашыларға Қырғызстанмен шекарада шабуыл жасалды.

«Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» шекара заставасының сарбаздары 16 жылқыны ұстады. Жылқыларды қырғыз жерінен жасырын түрде алып өтпек болған барымташылар шекарашыларды көрісімен бой тасалап, көзден ғайып болды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жылқыларды алып келе жатқан нарядқа заставадан 7 шақырымдай қашықтықта 5-6 атты адам мен мемлекеттік нөмірі жоқ «Митсубиши Паджеро» автомобилінің жолаушылары шабуыл жасаған.

Шабуыл кезінде шекарашылар АК-74 автоматынан 4 рет және Макаров тапаншасынан 3 рет – барлығы 7 рет аспанға оқ атуға мәжбүр болған. Белгісіз адамдар бір жылқыны айдап, тауға қарай қашып кетті. Қалған 15 жылқы қаржы полициясының Қордай аудандық басқармасына тапсырылды.

Қосымша күш келгеннен кейін іздестіру жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде жол қиылысында (Құмбатыс-Масаншы елдімекендері) тұрған мемлекеттік нөмірі жоқ, сыртқы келбеті іздеген көлікке ұқсайтын иесіз машина табылды. Алдын ала алынған мәлімет бойынша көліктің иесі Сортөбе елдімекенінің тұрғыны Марат есімді азамат болып шықты - деп хабарлады   baq.kz

Қордай аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып шекара әскеріне шабуыл жасаған белгісіз адамдарды анықтау, ұстау, сондай-ақ қылмыстық жазаға тарту мақсатында жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!