Кран басындағы әйел наразылығын жалғастырды

Фотография - Кран басындағы әйел наразылығын жалғастырды

Көкшетауда сот шешіміне наразылық танытып, құрылыс кранының басына шыққан Сұлушаш Жәкенова қарсылық акциясын әлі жалғастырып жатыр. Ол кран басына шығумен қатар аштық та жариялаған

336 0

Көкшетауда сот шешіміне наразылық танытып, құрылыс кранының басына шыққан Сұлушаш Жәкенова қарсылық акциясын әлі жалғастырып жатыр. Ол кран басына шығумен қатар аштық та жариялаған.

Жәкенова қарсылығын жалғастыра беретінін айтты.

- Кран басынан түскен жоқпын. Аштықты да жалғастырып жатырмын. Сәл басым ауырған соң су мен дәрі іштім. Талабым орындалмайынша полиция көмегінен де бас тартамын.

Сұлушаш Жәкенова бұрынғы күйеуіне қатысты шыққан сот шешімімен келіспей, 29 қыркүйекте кран басына шыққан еді. Ол бұрынғы күйеуінің өзі мен ұлына доқ көрсетіп жүргенін айтқан - деп хабарлады azattyq.org


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!