Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртенді

Фотография - Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртенді

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртеніп, бір адам зардап шекті,

263 0


Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртеніп, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз-қызметі.

 

Өрт кеше кешке Сарыкемер - Тараз бағытында жолға шыққан автобуста орын алды. Бұл уақытта автобус Қостөбе ауылында болған. Өрт сөндірушілер дереу тілсіз жаудың алдын алып, 14 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Күйік шалған бір әйел ауруханаға түсті.

Айта кетейік, 31 тамыз күні Семей-Өскемен бағытында жолаушылар автобусы отқа оранған еді. Автобус ішінде 39 жолаушы болатын, абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!