Каспийдің қазақстандық бөлігіне қару қолданумен ресейлік браконьерлер ұсталды

Фотография - Каспийдің қазақстандық бөлігіне қару қолданумен ресейлік браконьерлер ұсталды

Каспийдің қазақстандық бөлігіне шекарашылар қару қолданып, ресейлік браконьерлерді  ұстады

158 0

Каспийдің қазақстандық бөлігіне шекарашылар қару қолданып, ресейлік браконьерлерді  ұстады.

Ведомствоның мәліметінше, бір тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар жылдамдығына көз ілеспейтін 4 «байда» жүзу көлігіне мінген 11 шекара бұзушыны ауыздықтады. Шекарашылардың тоқтау туралы талабына құлақ аспаған браконьерлердің үлкен жылдамдықпен көршілес мемлекеттің аумағына қарай зымырай жөнелуінің өзі олардың Қазақстан Республикасы шекарасында заңсыз жүргендігін дәлелдейді. Дегенмен, «Сақшы», «Егемен» атты  шекара катерлері де қарап қалмады, оларды қуып жетіп, тоқтауға мәжбүр етті. Дегенмен, барлық жағдайда қару қолдануға тура келді.


«Ұсталғандардың жеке бастарын айғақтайтын куәліктері, жүзу құралдарының құжаттары болмай шықты. Ауызша айтуларына қарағанда өздері Ресей Федерациясының азаматтары екен, оның ішінде Дағыстан Республикасы мен Астрахань облысының тұрғындары көрінеді. Ал қару қолдану кезінде ешкім зардап шеккен жоқ»,-делінген хабарламада.

Ұсталғандар Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино елдімекеніне жеткізілді. Жеке бастары анықталғаннан кейін оларды қылмыстық және әкімшілік жазаға тарту мәселелері қарастырылатын болады - деп хабарлады  newskaz.kz

Нәтижесінде, заңсыз жүрген балықшылардан ұзындығы  5500 метр болатын балық аулау құралдары, 62 дана бекіре тұқымдас балық (олардың 59 өлі күйінде), сондай-ақ 1 тюлень  алынды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!