Әйел зорламақ болған азаматтың өзі таяқ жеп қалды

Фотография - Әйел зорламақ болған азаматтың өзі таяқ жеп қалды

Шымкентте келеңсіз әрі күлкілі жағдай орын алды. Ішіп алған азамат әйел зорламақ болғанымен, арам ойы жүзеге аспағанымен қоймай, өзі таяқ жеп қалды.

410 0

Шымкентте келеңсіз әрі күлкілі жағдай орын алды. Ішіп алған азамат әйел зорламақ болғанымен, арам ойы жүзеге аспағанымен қоймай, өзі таяқ жеп қалды.

Оқиға былай өрбіген. Таңғы сағат 6-дан асқанда Шымкенттегі «Қорғасын» шағынауданындағы үйлердің біріне ұры түседі. 32 жастағы Ордабасы ауданының тұрғыны құны 100 мың теңгеден асатын теледидарды сыртқа алып шыққан. Бірақ, «оңай олжасын» қанақат тұтпай, ұйықтап жатқан үй иесінің әйелін қорқытып, алтын бұйымдарын талап еткен. Онысынан түк шықпаған соң азаматшаны зорламақ болыпты. Бірақ, жолы болмайды. Анасының айқайын естіген қызы келесі бөлмеден жүгіріп кіреді. Келе сала орындықпен күдіктінің басынан періп қалған. Байғұстың басы жарылады.

Осылайша екі әйелден таяқ жеп, басы жарылған жігіт жартылай жалаңаш күйінде далаға жүгіріп шығады. Дегенмен, алысқа ұзап кете алған жоқ. Жәбірленушіден шұғыл хабар алған патрульді полицейлер сезіктіні қуалап жүріп ұстап алды.

Ұсталған азамат Абай полиция бөліміне жеткізілді. Одан ұрланған естелік пышақтар жиынтығы мен киім-кешек, теледидар тәркіленіп алынды. Тергеу барысында анық болғаны — ұры бұған дейін де қыз зорламақ болғаны үшін сотты болған. Қазір күдіктінің үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзі қамауда жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!