Қостанай облысында экскаваторшы велосипедшіні басып кетті

Фотография - Қостанай облысында экскаваторшы велосипедшіні басып кетті

Қостанай облысының Қамысты ауданында экскаватор жүргізушісі велосипед айдаушыны басып кетті. Зардап шегуші көптеген сынықтар және ашық бас-сүйек ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды

213 0

Қостанай облысының Қамысты ауданында экскаватор жүргізушісі велосипед айдаушыны басып кетті. Зардап шегуші көптеген сынықтар және ашық бас-сүйек ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Белгілі болғандай, велосипед жүргізушісін соққан экскаваторды Тараз қаласының 53 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Экскаватор айдаушының сөзіне қарағанда, ол Қамысты ауылының орталық көшесімен келе жатып, кенет бір дыбысты естіген. Көлікті тоқтатып қарағаннан кейін ол асфальтта жатқан жас жігітті қағып кеткенін түсінген. Бірден оқиға орнына жедел жәрдем бригадасын шақырған.

Зардап шеккен 18 жастағы Қамысты ауылының тұрғыны аудан орталығынан Қостанай облыстық ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайын мүшкіл деп бағалауда - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, экскаватор жүргізуші мен велосипед айдаған жігіттің ішімдік ішпегені анықталды. Полиция қызметкерлері ЖКО сызбасын жасап, тергеу жүргізіп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!