Директор терезеден секіріп кетті

Фотография - Директор терезеден секіріп кетті

«Пара алған» деп күдіктелген Алматы сервис және технология колледжінің директоры Маран Тақабаев ұстау кезінде терезеден секіріп кетті»

157 0

«Пара алған» деп күдіктелген Алматы сервис және технология колледжінің директоры Маран Тақабаев ұстау кезінде терезеден секіріп кетті», деп хабарлады сенімді дерек көзі. 

«Қаржы полициясының шұғыл-іздестіру шаралары барысында Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің директоры Тақабаев Маран Компайұлы ұсталды», - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ол 2007 жылдан бері жыл сайын асхананы жалға алушылардан 200 мың теңге пара алып жүрген. М. Тақабаев ұстау кезінде қашып кетпек болып, 2 қабаттағы терезеден секірген. Қазір ол Қалқамандағы ауруханада жатыр. Миы шайқалған. 58 жасар М. Тақабаев аталған колледжің директорлығына 2005 жылы тағайындалған. Кезінде Парламент Сенатына кандидат болған. Енді кім болғанын өздеріңіз айтыңыздар...


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!