Бұрынғы қаржы полицейі 5,5 жылын темір тордың ар жағында өткізеді

Фотография - Бұрынғы қаржы полицейі 5,5 жылын темір тордың ар жағында өткізеді

Қызылорда облыстық қаржы полициясының бұрынғы офицері ұйымдасқан қылмыстық әрекет жасағаны үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды

161 0

Қызылорда облыстық қаржы полициясының бұрынғы офицері ұйымдасқан қылмыстық әрекет жасағаны үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Жалпы, тек биылғы жылдың өзінде ғана облыстық салық полициясының 13 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

-Бұлардың біреуі түнде мас қалыпта бұзақылық жасап, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексінің талабын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды, - дейді департамент бастығы Мақсат Қожабаев.

Ал осы органның бұрынғы аға тергеушісі, қаржы полициясының капитаны Б.Мұхтаров 5,5 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. Ол өзі секілді сот шешімімен жазалы болған «Нұрмағамбет» мұнай терминалының қызметкері И.Шахаевпен алдын ала сөз байласып, қылмыстық әрекетке барған. Атап айтқанда, ол ұрланған шикі мұнай жөніндегі істің сотқа жолданғанына қарамастан, оған айғақты зат ретінде қамауға алынған мұнай тиелген цистернаны автотұрақтан заңсыз босатып жіберген. Сөйтіп, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!