Алматыда тойы кейінге қалдырылған қыз бен жігіт асылып қалған

Фотография - Алматыда тойы кейінге қалдырылған қыз бен жігіт асылып қалған

деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

524 0

Алматыда үйлену тойы кейінге қалдырылған жас жұп өздерін өлімге қиды, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1995 жылы туған қыз бен 1994 жылғы жігіттің денелері асылып тұрған күйі Алатау ауданындағы бір үйдің шатырынан табылған. Сырт киімінен басқа, оқиға орнынан ішілмей қалған арақтың бөтелкесі мен екі жастың өлер алдында жазған хаттары табылды»,-делінген хабарламада.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің берген мәліметтері бойынша, қайтыс болған екі жас үйленгісі келген. Алайда жігіттің анасы күйеуін жерлегеніне бір жыл толмағандықтан, олардан 6 ай күте тұруын өтінеді. Алайда ұлы бұған көнбей, анасы мен ұлының арасында келіспеушіліктер болған.

Қыз бен жігіттің мәйіттері медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!