Атырауда ер адам көпірден секіріп, суға батып кетті

Фотография - Атырауда ер адам көпірден секіріп, суға батып кетті

Атырауда қазанның бесі күні тойланған қала күні меркесінде ер адам орталық көпірден секіріп, суға батып кетті

185 0

Атырауда қазанның бесі күні тойланған қала күні меркесінде ер адам орталық көпірден секіріп, суға батып кетті.

Өңірдің ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, төтенше жағдай 22:20 кезінде мерекенің нағыз қызған шағында, көпірдің бойына халық көп жиналған кезде орын алған. Белгісіз ер адам көпірдің қоршауына шығып, Жайық өзеніне секіріп кеткен. Кейін жұртты көмекке шақырған.

Құтқарушылар ағыс адамды бірнеше метрге төмен қарай ағызып әкеткеннен кейін барып келген. Жексенбі күні құтқарушылар Жайықтың түбін сүзіп шықса да, суға батып кеткен адамның денесін таба алмады.

Көпірден секірген адамның аты-жөні анықталмады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!