Пара алды деген күдікпен ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі қамауға алынды

Фотография - Пара алды деген күдікпен ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі қамауға алынды

Әкімді қамауға алды деген сыбысты бүгін қаржы полициясында өткен брифингте растады

160 0

Пара алды деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының әкімі ұсталды.

Әкімді қамауға алды деген сыбысты бүгін қаржы полициясында өткен брифингте растады. ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Серік Үтембаев шенеунікті қамауға алу туралы соттың санкция бергенін мәлімдеді. Тергеушілер келісім сомасы мен әкімді қандай жағдайда тұтқындағандары туралы тіс жармады.

Қаржы полициясы биылғы жылы 1292 қылмыстық істің түскенін хабарлады, бұл өткен жылғыға қарағанда 713 іске көп. 2013 жылы заңсыз әрекеттерден келген зиянды өтеу мөлшері 88,1 пайызға артқан. Яғни, бүгінгі күні 5 млрд. 887 млн. теңгенің 5 млрд. 185 млн теңгесі өндірілді. Салыстыру үшін 2012 жылы дәл осы кезде 1,4 млрд. теңгеден небәрі 150 млн теңге ғана өтелген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!