Алматыда қылмыс жасаған ОҚО тұрғындары қолға түсті

Фотография - Алматыда қылмыс жасаған ОҚО тұрғындары қолға түсті

Алматыда полиция қызметкерлері ұялы телефонға төлем жасайтын офиске қарақшылық шабуыл жасаған Оңтүстік-Қазақстан облысының үш тұрғынын құрықтады

254 0

Алматыда полиция қызметкерлері ұялы телефонға төлем жасайтын офиске қарақшылық шабуыл жасаған Оңтүстік-Қазақстан облысының үш тұрғынын құрықтады.

Аталған қылмыс күндізгі уақытта орын алған. Беттерін тұмшалаған үш ер адам ғимарат ішіне баса көктеп кіріп, кассирді тапаншамен қорқытып, 200 мың теңге және сомасы 220 мың теңгені құрайтын төлем карточкаларды иеленіп, іздерін жасырған. Ұсталғандар 19 бен 28 жас аралығындағы жігіттер. Олардың бірі бұрын сотталған.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Шығыс-Қазақстан облысында орын алған қылмыстың да бетін ашты. Ново-Баженова аулында белгісіз біреулер 72-жастағы қарт кісінің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. Екі ер адам үйге терезеден кіріп, қарт әйелді ұрып-соғып, қол-аяғын матап 200 мың теңгеден астам ақшаны жымқырып кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Олар 29 бен 37 жастағы Семей қаласының тұрғындары болып шықты.

Ал, Алматы қаласы ІІД-нің полиция қызметкерлері жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні қолға түсірді. Жәбірленушінің айтуы бойынша, үш бейтаныс адам күш көрсету және пышақпен қорқыту арқылы екі ұялы телефон мен 17 мың теңгені қолды қылған. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысы Талғар ауданы мен Алматы қаласының 20 және 18-жастағы тұрғындары ұсталды. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде - деп хабарлады  baq.kz

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!