Зейнеткерді ұрып-соғып, 200 мың теңгесін алып кеткен қарақшылар ұсталды

Фотография - Зейнеткерді ұрып-соғып, 200 мың теңгесін алып кеткен қарақшылар ұсталды

Зейнеткерді ұрып-соғып, 200 мың теңгесін қолды қылған күдіктілер қолға түсті

133 0

Зейнеткерді ұрып-соғып, 200 мың теңгесін қолды қылған күдіктілер қолға түсті.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысының Ново-Баженова ауылында 72 жастағы қарттың үйіне қарақшылық шабуыл жасалғанын айта келе ол: «Екі ер адам үйге терезеден кіріп, қарт әйелді ұрып-соғып, қол-аяғын матап, 200 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткен», - деді.

Оның атап өтуінше, облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде оқиғаның ізі суымай күдіктілер қолға түсті. «Олар 29 бен 37 жастағы Семей қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды»,- деді Н.Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!