Ақтауда бір топ баукеспелер ұсталды

Фотография - Ақтауда бір топ баукеспелер ұсталды

 Ақтауда бір топ адам пәтерге ұрлыққа түскен. Олар 1990 жылғы жігіт пен оның 1996 жылғы құрбысы тұратын пәтерге баса көктеп кіріп, қарызын қайтаруды талап еткен. Жастарды ұрып-соққаннан кейін қылмыскерлер оларды «Опель Астра» автокөлігіне отырғызып, басқа пәтерге алып келген

171 0

 Ақтауда бір топ адам пәтерге ұрлыққа түскен. Олар 1990 жылғы жігіт пен оның 1996 жылғы құрбысы тұратын пәтерге баса көктеп кіріп, қарызын қайтаруды талап еткен. Жастарды ұрып-соққаннан кейін қылмыскерлер оларды «Опель Астра» автокөлігіне отырғызып, басқа пәтерге алып келген - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Жәбірленушілерден «Самсунг Галакси-2», «Самсунг Дуос», «Нокия 6700» маркалы 3 ұялы телефон мен ноутбугын тартып алған. Материалдық залал 380 мың теңгені құрады. Жәбірленушілердің сөзіне қарағанда, оларды қорқыту мақсатында электрошок және пышақ қолданған», - деді Ақтау қаласы ҚІІД қызметкері Елжас Өнеров.

«Күдіктілер ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышқа тоғытылды. Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК «а, в»-тармағы 178-бап 2-бөлімі (бір топ адамның алдын ала келісуі бойынша адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолданып,тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп ақпараттандырды Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!