Қарағандыда науқас аурухананың терезесінен секіріп кетті

Фотография - Қарағандыда науқас аурухананың терезесінен секіріп кетті

Бұл туралы облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Ж.Сембеков хабарлады.

148 0

Қарағандыда облыстық клиникалық ауруханада ем қабылдап жатқан 26 жастағы әйел терезеден секіріп кетіп, қаза болды. Бұл туралы облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Ж.Сембеков хабарлады.

«9-шы қазанда облыстық клиникалық ауруханада төтенше жағдай орын алды. Қант диабетіне шалдыққан науқас өз-өзіне қол жұмсаған»,-деді Ж. Сембеков.

Полицейлердің ақпаратына қарағанда, науқас бесінші қабаттағы дәретхананың терезесінен секіріп кетіп, алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!