Ақтауда жүргізуші далада ойнап отырған балаларды басып кеткен

Фотография - Ақтауда жүргізуші далада ойнап отырған балаларды басып кеткен

Ақтауда тұрғын үйлердің арасында картон жәшікте ойнап отырған балаларды «Газ-3302» автокөлігінің жүргізушісі басып кетті.

118 0

Ақтауда тұрғын үйлердің арасында картон жәшікте ойнап отырған балаларды «Газ-3302» автокөлігінің жүргізушісі басып кетті.

Салдарынан 2006 жылы туған ер бала мен 2009 жылы туған қыз бала зардап шекті. «Ер баланы алған жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жатқызуға тура келді. Қазір ол травматология бөлімінде жатыр. Шынтақ буыны сынған қыз балаға медициналық көмек көрсетілді, ол қазір үйінде. Аталған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жүргізуші тергеуге алынуда», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!