Қызғаныштан күйінген ер адам көңілдесінің үйін өртеп жіберді

Фотография - Қызғаныштан күйінген ер адам көңілдесінің үйін өртеп жіберді

Алматы облысы Текелі қаласының ішкі істер бөліміне тұрғындардың бірінен үйінің өртенгені және оны өзінің танысы қасақана өртегені жайлы арыз түсті

134 0

Алматы облысы Текелі қаласының ішкі істер бөліміне тұрғындардың бірінен үйінің өртенгені және оны өзінің танысы қасақана өртегені жайлы арыз түсті.

Абырой болғанда дер кезінде келген өрт сөндірушілер үйдегі жалынды сөндіріп үлгерген. Ұсталған ер адам басында полицейлерге үйді қасақана, әйелді сол жерде өздерімен бірге отырған бөтелкелесінен қызғанғаннан өртеп жібердім десе, артынан ол сөзінен айнып, үйді абайсызда, темекінің ұшқынын жерге түсіріп алып, өртеп алдым деп шыға келді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Әсілінде қалай болғанын енді полицейлерге тергеу арқылы анықтауға тура келеді. Ұсталған адамға қатысты әзірге «ешқайда кетпеу туралы» шара қолданылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!