«Теңізшевройл» автобусы үйдің жартысын құлатып кетті

Фотография - «Теңізшевройл» автобусы үйдің жартысын құлатып кетті

Кеше кешке Атырауда «Теңізшевройлға» тиесілі үлкен автобус Ә. Молдағұлова көшесіндегі 211-үйге кіріп кетіп, үйдің жартысын құлатқан

212 0

Кеше кешке Атырауда «Теңізшевройлға» тиесілі үлкен автобус Ә. Молдағұлова көшесіндегі 211-үйге кіріп кетіп, үйдің жартысын құлатқан. Үй қожайынын «Жедел жәрдем» алып кетті деп жазады өңірлік «Ақ Жайық» газеті.


Апат жұмыс күнінің соңында Жарбосынов пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында орын алды. «Петропак» компаниясына тиесілі «Тойота Лендкрузер» көлігі Жарбосынов көшесінің бойымен Авангард жаққа қарай, ал автобус Молдағұлова бойымен Сәтпаев даңғылына қарай кетіп бара жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Лендкрузер» Молдағұлова көшесін кесіп өтпек болыпты. Жол-көлік оқиғасы қиылыстың қақ ортасында орын алған. Жылдамдықпен келе жатқан автобус үйге кіріп кеткен - деп хабарлады newskaz.kz


«Кейбір мәліметтер бойынша, «Тойотада» жүргізушіден бөлек екі жолаушы болыпты. Оның бірі шетелдік екен. Екеуін де жол полициясының қызметкерлері жеткенше жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Автобус жүргізушісі, егде жастағы адам зардап шекпепті. Бірақ есеңгіреп қалыпты. Ол көлікжайдан жаңа ғана шығып, маршрутқа бет алған бойы екен. Апаттан кейін жағдайы нашарлап, оны жедел жәрдем көлігін шақырып, отырғызып жіберді»,-делінген мақалада.


Сондай-ақ, апат болған жерге «ҚазТрансГазАймақ» қызметкерлері келіп, газды жауып тастады. Олардың айтуларынша, автобус газ құбыры мен газ тарату қалқанын да жұлып кетіпті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!