Пәтер тонаумен айналысқан ғашықтар ұсталды

Фотография - Пәтер тонаумен айналысқан ғашықтар ұсталды

Ақтауда пәтер тонап, ұрлық жасаумен айналысқан қос ғашық бас бостандықтарынан айырылды.

104 0

Ақтауда пәтер тонап, ұрлық жасаумен айналысқан қос ғашық бас бостандықтарынан айырылды.

Олар бұл қылмысқа тер төгіп, еңбек етпей-ақ, мұқтажсыз өмір сүру үшін барған. Жұмыссыз жүрген жас жігіт сүйіктісімен бірге Қытайдың бірнеше кілтін жасатып алып, пәтерлерді оп-оңай ашып отырған. Қожайыны жоқ үйлерді тонап, бағалы заттарды жымқырған. Негізінен, ақша мен қымбат әшекей бұйымдар  ұрланған. Ұрылар бір пәтерде кезекті қылмысын жасап жатқан кезінде қолға түсті. Олардың қылмысы толық дәлелденді. 10 пәтерді тонаған жігіт 4 жылын темір торда өткізетін болды. Ал оның сүйіктісі  3 жылға шартты мерзімге жазаға кесілді.

Амандық Құлманов, облыстық ІІД жедел уәкілі:

- Үйге бірінші қыз бала кіріп, үйде егер адам болса, «Кешіресіз, шатасып қалдым» деп шығып кетеді. Ал үйде егер ешкім жоқ болса, өздерінің қылмыс әрекеттерін әрі қарай жалғастыру үшін қасындағы жігіт екеуі кіріп, үйдің ішіндегі ақша және алтын бұйымдарды ұрлайды, алып кетеді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!