Алматы облысында түрмеге есірткі затын кіргізгісі келген екі адам құрықталды

Фотография - Алматы облысында түрмеге есірткі затын кіргізгісі келген екі адам құрықталды

Алматы облысының Заречный кентінде қатаң тәртіптегі түрменің аумағына екі рет ірі көлемдегі есірткі затын өткізгісі келгендердің жолы кесілді

194 0

Алматы облысының Заречный кентінде қатаң тәртіптегі түрменің аумағына екі рет ірі көлемдегі есірткі затын өткізгісі келгендердің жолы кесілді, деп хабарлады Алматы қаласы және Алматы облысы ҚАЖ департаментінде.

Тілшілермен сұхбат кезінде ЛА-155/8 мекемесінің басшысы Нұрбол Тайбеков растағандай, таяуда ҚАЖ жедел қызметкерлері Қапшағай қаласы ҚІІД әріптестерімен бірлесе отырып, қарауылдау кезінде есірткі жеткізетін арналардың екеуінің басын ашты.

Құқықтық тәртіп күзетшілері колонияның негізгі қоршауанан бірнеше қадам жерден белгісіз адамды ұстады. Тексеру кезінде одан белгісіз зат буылған алты түйіншек тәркіленді. Жұма күні сот-химиялық сараптама тіркіленген заттың есірткі: салмағы 840 грамға жуық марихуана және бес грамнан астам героин екенін растады.

Бірнеше минут өткеннен кейін осы колония аумағында қарауылдау кезінде химиялық сараптама растаған 230 грамнан астам марихуана және бес грамдай героины бар тағы бір есірткі өткізуші ұсталды. Күдіктінің екеуі де уақытша ұстау оқаулағышына тоғытылды.

Жалпы республика бойынша 2013 жылдың тоғыз айында тәртіптік нысандарға әкелінген 33 келіден астам әр түрлі есірткі заттарі тәркіленді. Колонияға тыйым салынған заттарды (есірткі, ұялы телефондар, қолма-қол ақша) жеткізуге тырысқаны үшін өткен жылдың осы кезеңінде 519 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, биыл 650-ден астам азамат ҚР ӘКК 367-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, сотталғандарға есірткі заттарын жеткізуге тырысқаны үшін азаматтық тұлғаларға қатысты 2013 жылдың басынан бері ҚР ҚК 259-бабында көрсетілген белгілер бойынша 89 қылмыстық іс қозғалды, деп атап айтты ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!