Астанада жаңа көпқабатты үй өртенді

Фотография - Астанада жаңа көпқабатты үй өртенді

Сенбі күні Астананың сол жағалауында жаңадан салынған 16 қабатты «Грация» тұрғын үй кешені өртенді

144 0

Сенбі күні Астананың сол жағалауында жаңадан салынған 16 қабатты «Грация» тұрғын үй кешені өртенді.

Қалалық төтенше қызметтің хабарлауынша, әлі тұрғындар қоныстанбаған.жаңа үйде өрт шыққаны туралы жедел хабар жергілікті уақытпен таңертең сағат 10:23 кезінде түскен. Ғимараттың үшінші қабаты тұсында сыртқы қаптамасы жанып, жалын 16 қабатқа дейін жеткен.

Төтенше жағдайлар қызметі өрттің беті сағат 10:55 шамасында қайтарылғанын хабарлады. Өрт биік ғимараттың 300 шаршы метрден астам аумағын шарпыған.

Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!