Шымкентте адам ұрлап, ақша бопсалауды кәсіп қылған қылмыстық топ құрықталды

Фотография - Шымкентте адам ұрлап, ақша бопсалауды кәсіп қылған қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД мәліметінше, олар ұйымдасқан қылмыстық топты іздеуге полицияға 22 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғыны хабарласқаннан кейін кіріскен

160 0

Шымкентте қылмыстық топ адам ұрлап, олардан ақша бопсалауды кәсіп қылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД мәліметінше, олар ұйымдасқан қылмыстық топты іздеуге полицияға 22 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғыны хабарласқаннан кейін кіріскен. Белгісіз адамдар оны ұрып-соғып, «Опель-Вектра» және «БМВ» автокөліктерін тартып алған. Содан кейін қылмыскерлер оны күштеп Шымкентке алып келіп, салынып бітпеген ғимаратта бірнеше күн ұстаған. Қылмыскерлер жігіттен 20 мың доллар бопсалаған. Туыстары қылмыскерлерге қажетті соманы жинап бергеннен кейін ғана жас жігітті босатқан. Ол өз кезегінде дереу полицияға хабар берген.

Күдіктілер екі айдан кейін Мақтаарал ауданының Алматы-Термез тасжолында табылды. ОҚО ІІД ҰҚКБ қызметкерлері арнайы бөлімшелермен бірге автокөліктен үш жас жігітті ұстады. Олардың бірінің сөмкесінен 16 калибрлі патрондарымен шолақ мылтық, «Маузер» тапаншасы және есірткі заттары бар полиэтилен пакет табылды.

Қалған күдіктілерді, төрт жас жігітті ҰҚКБ қызметкерлері Шымкент ықшам аудандарының бірінде ұстады. 1986, 1987, 1988 және 1992 жылы туған жігіттер бұрын сотталған болып шықты. Тінту кезінде «Шарк» және «Стимер» травматикалық тапаншалары оқ-дәрілерімен бірге тәркіленді. Қалдырып кеткен машина салонынан тағы екі «МР-79» және «Стражник» травматикалық тапаншалары тәркіленді.

Ұсталған адамдар, ОҚО ІІД қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, қамауға алынып, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Полицейлер олардың осындай 4 фактіге қатыстылығын анықтады, олардың арасында ақша бопсалау, адам ұрлау, қару-жарақ және есірткі сақтау бар. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!