Атырауда халықтан қару сатып алудың мерзімі ұзартылды

Фотография - Атырауда халықтан қару сатып алудың  мерзімі ұзартылды

Атырауда тіркелмеген дәрімен атылатын қаруды және оқ-дәрілерді сатып алуды жүзеге асыратын «Қару» операциясының жұмыс істеу мерзімі 31-ші қазанға дейін ұзартылды

107 0

Атырауда тіркелмеген дәрімен атылатын қаруды және оқ-дәрілерді сатып алуды жүзеге асыратын «Қару» операциясының жұмыс істеу мерзімі 31-ші қазанға дейін ұзартылды.

Аймақтық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, бұл шара халықта әлі де қару көп және көптеген адамдар одан құтылу үшін полиция органдарына хабарласуға үлгере алмай жатқандықтан жасалып отыр.

1-ші қыркүйектен бастап азаматтардан 135 өтініш келіп түсті. Олар 170 дәрімен атылатын, соның ішінде 8 кесілген қаруды тапсырды. 14 дана қару тапсырғандары үшін оның иелеріне жалпы алғанда 400 мың теңге төленді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!