Қарағанды облысындағы ЖКО салдарынан ресейлік зардап шекті

Фотография - Қарағанды облысындағы ЖКО салдарынан ресейлік зардап шекті

Қарағанды облысы Алматы-Балқаш жолындар орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан 64 жастағы Ресей азаматы зардап шекті

275 0

Қарағанды облысы Алматы-Балқаш жолындар орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан 64 жастағы Ресей азаматы зардап шекті.

 

«Алматы-Балқаш жолының Сарышаған стансасынан 20 шақырым жерде 12 қазан күні «Форд-Фокус» автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына келе жатып алдындағы «Миуцбиси-Паджеро» автокөлігінен басып озбақ болған кезде оған жанаса соғып өткен,  «Мицубиси» жүргізушісі, 29 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы өз кезегінде қарсы бағыттағы Алматының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Мерседес-Бенц» көлігімен және осы бағыттағы Приозерск қаласының 30 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Ауди-100» көліктерімен қақтығысқан», - делінген хабараламада.

 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Форд-Фокус» жол жиегіне аударылып кетті. Апатың салдарынан 64 жастағы «Форд-Фокус» жүргізушісі, Ресей азаматы түрлі жарақаттармен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді - деп хабарлады  newskaz.kz

 

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!