Атырауда волейбол командасының жетекшілері сотталды

Фотография - Атырауда волейбол командасының жетекшілері сотталды

Атырауда қылмыстық істер бойынша облыстық мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті волейбол командасының жетекшілеріне қатысты шешім шығарды.

263 0

Атырауда қылмыстық істер бойынша облыстық мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті волейбол командасының жетекшілеріне қатысты шешім шығарды.

Іске қатысы бар үш адамның бәрі сегіз жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Атырау» командасының директоры Жеңісбек Мұханбетжанов ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны үшін және қызметін асыра пайдаланғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Жазасын ол қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Сонымен қатар оған бес жыл бойы мемлекеттік қызмет лауазымын атқаруға тыйым салынады. Осындай жазаға команданың бас жаттықтырушысы Александр Запевалов та тартылады.

Команданың есепшісі Светлана Хоркина да сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Сот оның жазасын өтеу мерзімін 2001 жылы туған баласы 14 жасқа келгенше шегере тұру туралы шешім шығарды. С.Хоркинаға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат қалдырылды.

Істі болғандар сонымен қатар мемлекетке 239 млн. теңге қайтарулары керек.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!