Жамбыл облысында 143 мың га марихуана өсіріледі

Фотография - Жамбыл облысында 143 мың га марихуана өсіріледі

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов мәлімдеді.

135 0

Жамбыл облысы Шу алқабында 143 мың гектарға жуық марихуана өсіріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов мәлімдеді.

Министр орынбасарының айтуынша, есірткі Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келеді. Оның ішінде Ауғанстан героині де бар. Оңтүстікте кедендік қызмет бақылайтын 9 өткел жұмыс істейді.

«Бізде ақшалай қамтамасыз ететін есіркі бизнесіне қарсы күрес жүргізу бағдарламасы бар. Негізінен ол қаражат оңтүстік шекараларды бекітуге жұмсалады. Бұл өткелдердің барлығында кеденшілер жұмыс істейді, оларда көлікті тексеріп шығуға арналған рентген жабдықтар кешені бар. Есірткі теміржол арқылы, автокөліктермен тасымалданады. Мұның алдын алу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс атқарамыз, және де нәтиже жаман емес»,- деді Марат Демеуов.

Оның айтуынша, Жамбыл облысы Шу алқабында шамамен 143 мың га марихуана өсіріледі. 9 айдың қорытындысы бойынша 20 тонна есірткі, оның ішінде 130 келі героин тәркіленген. 2750 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ есірткіге әуес жандармен де жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда есірткіні қолданатын адамдардың саны 26 %-ға азайған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!