Астанада контрафактілі өнімді заңсыз саудалайтын 16 орын анықталды

Фотография - Астанада контрафактілі өнімді заңсыз саудалайтын 16 орын анықталды

Астанада контрафактілі дыбыс-бейне жазу өнімдерін заңсыз сататын 16 орын анықталып, жалпы сомасы 1 635 000 теңгені құрайтын DVD/СD форматындағы 3270 дискі тәркіленді

170 0

Астанада контрафактілі дыбыс-бейне жазу өнімдерін заңсыз сататын 16 орын анықталып, жалпы сомасы 1 635 000 теңгені құрайтын DVD/СD форматындағы 3270 дискі тәркіленді.

Жедел алдын алу іс шарасы барысында контрафакт өнім таратқан 16 азамат ұсталды. «ҚР қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, 19-35 жастағы тұлғалар және тәркіленген заттар процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жедел алдын алу іс шаралары қоғамның жоғары қызығушылығын тудыратын контрафактілі дыбыс-бейне өнімдерін заңсыз іске асыру фактісін анықтау және алдын алу мақсатында қолға алынды. Аталған шараларды Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі Астана қаласы Алматы ауданы ІІБ 3-ПБ, Сарыарқа ауданы ІІБ 23-ПБ және Сарыарқа, Алматы аудандарының Әкімдігімен бірлесіп, орталық базар және «Артем» сауда үйінің аумағында өткізілді - деп хабарлады   ҚазАқпарат


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!