Қарағандылық полиция қызметкерлері өмірмен қоштаспақ болған қызды құтқарды

Фотография - Қарағандылық полиция қызметкерлері өмірмен қоштаспақ болған қызды құтқарды

Қарағандыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 9 қабаттан құлап, өз өмірімен қоштаспақ болған 16 жастағы қызды құтқарып қалды

149 0

Қарағандыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 9 қабаттан құлап, өз өмірімен қоштаспақ болған 16 жастағы қызды құтқарып қалды.

«102 нөмірге 9 қабаттағы терезеден секірмекке әрекет жасап жатқан қызды көргендер қоңырау шалған. Оқиға болған жерге полиция старшинасы Б. Құдайбергенов және полиция аға сержаттары С. Боқаев пен Т. Ахметов шұғыл жеткен. Олар аяғын шығарып, құлауға шақ қалған қызды ұстап үлгерді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ол осыдан үш күн бұрын туыстарымен ренжісіп, тұрып жатқан үйінен кетіп қалған, Қарағандыдағы колледждердің бірінің оқушысы болып шықты. 16 жастағы қыз  ағат қылығын мойындап, өзін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!