Қызылордада есірткі еккендер 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды

Фотография - Қызылордада есірткі еккендер 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды

Қызылордада есірткі еккен екі азамат он жылға бас бостандықтарынан айырылды

133 0

Қызылордада есірткі еккен екі азамат он жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Есірткі егіп, пайда табуға уағдаласқан сыбайлас үш азамат жандарынан ақша бөліп, осыған керек-жарақтарды стып алады. Олар тіпті төсек-орын, киім-кешегіне дейін қамдауды ұмытпайды. Бәрін түгендеп алғасын, егін алқабына қос тігіп қояды. Сол жерде арық қазып, марихуана егіп, оны күтіп-баптауға кіріседі.

Арада бір-екі ай өткен соң алқаптан өте ірі мөлшерде есірткі затын алып, оны сақтап қойған. Олар кейін қолға түскендерінде есірткіні өздері пайдалану үшін ғана еккендерін, сатып, пайда табу ойларында болмағанын айтады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот кінәлілердің бірін 11 жылға бас бостандығынан айырып, маскүнемдіктен және нашақорлықтан арылуы үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданды. Қалған екеуі 10 жылдан арқалады. Олар жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтейтін болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!