Қостанай облысының тұрғыны қызғаныштан бақталасын өлтіріп, өзі асылып қалды

Фотография - Қостанай облысының тұрғыны қызғаныштан бақталасын өлтіріп, өзі асылып қалды

 Қостанай облысында ер адам әйелімен ажырасатынын естігеннен кейін, бақталасын атып, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған

155 0

 Қостанай облысында ер адам әйелімен ажырасатынын естігеннен кейін, бақталасын атып, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Денисов ауданының Аятский ауылында болған. 47 жастағы жергілікті тұрғын көшеде аң аулайтын қарудан атылған. Оған қару кезенген қылмыскер осы оқиғадан кейін көлікпен ауыл сыртына шығып кеткен. Аятскийден бірнеше шақырым ұзағаннан кейін ол өзінің досына хабарласып, өзіне-өзі қол жұмсап, өмірмен қоштасқысы келетінін айтқан. Соңғы сөзінде ол досынан оның балаларына жерлеу рәсіміне көмектесуін сұраған. Өзіне-өзі қол жұмсаған адам көліктің есігіне асылып қалған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қайғылы оқиғаның орын алуына ажал құшқан ер адамның әйелімен арасындағы болған жанжал себеп болған. Әйелі күйеуімен ажырасып, сол ауылда тұратын көңілдесіне көшіп бармақ болады. Бұл туралы естіген ол қызғаныштан жанжал шығарып, өзімен бірге қару алып, бақталасының үйіне барған. Оны өлтіргеннен кейін, әйеліне хабарласып, болған жайды айтқаннан кейін, өзіне де қол жұмсаған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!