Қарағанды облысында тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған

Фотография - Қарағанды облысында тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлімдеді.

160 0

Жаңаарқа ауданындағы Қызылжар стансасының 14 жасар 9 сынып оқушысы өмірімен қош айтысты. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлімдеді.

«20 қазан күні кешке Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар стансасында үй ауласында орналасқан сарайдан 14 жасар жасөспірімнің денесі табылды. Ол сарай төбесінің бөренесіне мықтап байлаған жіпке асылып қалған»,-деді Ж.Сембеков.

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, баланың не себепті мұндай қадамға барғаны анықталуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!