Есірткі сатқан полицей 10 жылға сотталды

Фотография - Есірткі сатқан полицей 10 жылға сотталды

Бүгін Қостанай соты Ұзынкөл АІІБ жол полициясының басшысы Сейпіл-Мәлік Байболовқа қатысты өз шешімін шығарды. Байболовтың полиция капитаны атағы қайтарып алынып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды

170 0

Бүгін Қостанай соты Ұзынкөл АІІБ жол полициясының басшысы Сейпіл-Мәлік Байболовқа қатысты өз шешімін шығарды. Байболовтың полиция капитаны атағы қайтарып алынып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сейпіл-Мәлік Байболовқа қатысты қылмыстық істі ІІД жеке қауіпсіздік қызметі басқармасы қозғады. Жедел ақпаратқа сүйенсек, 21 мамырда Байболов Ұзынкөл ауылының тұрғынына 14 грамм марихуана сатқаны анықталды. Күдіктінің үйін тінту кезінде тағы 21 грамм есірткі табылған. Қызметтік тергеу жүргізіліп, Байболов Ішкі істер бөлімінен қызметтен босатылды.

Сотқа Байболовтың бұрынғы әріптестерімен қатар, қызметке жаңа орналасқан полицейлер де қатысты - деп хабарлады  baq.kz

Бұл – бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты шығарылған үшінші үкім. Мемлекет басшысының тапсырмасы бұл өңірде осылай атқарылып жатыр. Президенттің тапсырмасы бойынша мұндай сот істері осылай ашық түрде өтуі тиіс.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!