Сот "бос бөтелке" дауына қатысты шешім шығарды

Фотография - Сот "бос бөтелке" дауына қатысты шешім шығарды

Бүгін Жетісу аудандық соты «Green» сауда орталығының «Время» газетіне берген арызын және Назым Мукайяманың «Green» сауда орталығына қарсы берген шағымдарын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттыққа Назым Мукайяманың өзі айтты

202 0


Бүгін Жетісу аудандық соты «Green» сауда орталығының «Время» газетіне берген арызын және Назым Мукайяманың «Green» сауда орталығына қарсы берген шағымдарын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттыққа Назым Мукайяманың өзі айтты.

Назым Мукайяманың сөзінше, сот не өзін, не оның ресми өкілін ескертпегендіктен ол бүгінгі сотқа қатыспаған.

- Соттың шешімімен келіспеймін. Енді қалалық, керек болса жоғарғы сотқа дейін шағымданамын, - деді Азаттық тілшісіне хабарласқан Назым Мукайяма.

Биыл мамыр айында Қазақстан азаматы Назым Мукайяма 14 жастағы қызы – Жапония азаматы Аяка Мукайямамен бірге "Green" сауда орталығына барғанда даулы оқиғаға тап болған. Анасының айтуынша, қызы дүкенге минералды судың бос пластик ыдысын ұстай кірген. Алайда шыға берісте сауда орталығының қызметкерлері қызы мен анасын тоқтатып, «суды ұрладыңдар, ақшасын төлеңдер» деген - деп хабарлады azattyq.org

Оның сөзінше, оқиға болғаннан кейін өзі полиция шақыртқан, алайда «ешқандай қылмыс болмағандықтан» қылмыстық іс қозғалмаған. Бұл іске қатысты жарияланған мақала өздерінің «ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін» айтып, «Время» басылымын сотқа берген "Green" сауда орталығы газеттен 5 миллион теңге өндіріп беруді сұраған. Кейін "Green"-ді сотқа берген Назым Мукайяма да «ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келгенін» айтып, сауда орталығына дәл 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлетуді талап еткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!