Адасып қалған үш жастағы ұлдың ата-анасы іздестірілуде

Фотография - Адасып қалған үш жастағы ұлдың ата-анасы іздестірілуде

Ақсу қаласындағы қаңырап қалған хоккей кортының ішінде ұйықтап жатқан шамамен үш жастағы бала анықталды. Оны қаланың бір тұрғыны көріп полицияға қоңырау шалды

141 0


Ақсу қаласындағы қаңырап қалған хоккей кортының ішінде ұйықтап жатқан шамамен үш жастағы бала анықталды. Оны қаланың бір тұрғыны көріп полицияға қоңырау шалды.

Атын Батырхан деп таныстырған бүлдіршін білім бөліміне қарасты қамқорлық органының қарамағына берілген. Екі күннен бері оны ешкім іздемеген. Ал баланың айтуынша, оның Марат есімді әкесі, Көшербай есімді атасы, Сайлау есімді әжесі және Айсана атты күтуші қыз болған. Қос тілде еркін сөйлейтін Батырхан Құрмет және Дамир есімді достарының бар екенінде ұмытпаған.

Ақсу полициясы қазір баланың ата-анасын іздестіруде. Егер Батырханды таныған немесе оның туыстарын білетін адамдар болса, Ақсудағы мына телефон нөмерлеріне хабарласуджы сұрайды - деп хабарлады  baq.kz

8 (71837) 6-43-55, 8 (71837) 5- 02-26, 8 (7182) 39-19-02 немесе «102».


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!