Алматыда инкассаторларға шабуыл жасағандар ұсталды

Фотография - Алматыда инкассаторларға шабуыл жасағандар ұсталды

 Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев мәлім етті.

124 0

Алматыда «Травел Экспресс» компаниясының қызметкерлеріне шабуыл жасағандар ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктілерді қолға түсірген.

Қылмыскерлерді ұстау кезінде 2 тапанша тәркіленген. Күдіктілердің бірі (1980 жылы туылған) Алматыда, ал екіншісі (1975 жылы туылған) Бұрұндай ауылында ұсталған. Олардың екеуі де қылмыс жасағандарын мойындап отыр.

Сонымен қатар, компания басшысына қатысты ҚР ҚК 232-бабы «Міндеттеріне дұрыс қарамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізде болса, 26 қыркүйекте таңғы сағат 9.30-да Алматы қаласында Сәтбаев-Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Травел Экспресс» компаниясының қызметкерлеріне шабуыл жасалған болатын. Инкассаторлардың бірі оқиға болған жерде қаза болған, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев компания қызметкерлеріне екі адам шабуыл жасағанын растады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!