Кентаудың 40 жасар тұрғыны есірткіні асқазанында жасырған

Фотография - Кентаудың 40 жасар тұрғыны есірткіні асқазанында жасырған

Кентау қаласының тұрғыны есірткіні ішіне салу арқылы тасып жүрген

169 0

Кентау қаласының тұрғыны есірткіні ішіне салу арқылы тасып жүрген.

Әйелді Шымкент сапаржайының маңынан ұстаған. ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны есірткі заттарын сату және тасымалдау күдігі бойынша тоқтатқан. 1973 жылы туған әйелдің киімі мен заттарынан полицейлер ештеңе таппаған. Кейін олар әйелдің есірткіні асқазаны арқылы тасымалдауы мүмкін екендігін ескеріп, оны тексеріске жіберген. Сарапшылар күдікті әйелдің ішегінен героинға ұқсас есірткі заты бар 7 полиэтилен пакетін тапқан. Есірткінің салмағы 5 грамм болып шықты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Күдікті қамауға алынды, ал факті бойынша ҚР ҚК 259-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!