Павлодар-Семей жолында орын алған жол апатынан әйел адам қаза болды

Фотография - Павлодар-Семей жолында орын алған жол апатынан әйел адам қаза болды

Павлодар-Семей күре жолының бойында Кенжекөл ауылының маңында Павлодар қаласының 1987 жылы туған тұрғыны, «ВАЗ-21112» көлігінің жүргізушісі 1956 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны басқарып келе жатқан Howo маркалы жүк көлігімен соқтығысып қалған

307 0

Павлодар-Семей күре жолының бойында Кенжекөл ауылының маңында Павлодар қаласының 1987 жылы туған тұрғыны, «ВАЗ-21112» көлігінің жүргізушісі 1956 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны басқарып келе жатқан Howo маркалы жүк көлігімен соқтығысып қалған. Жүк көлігі автомагистральді екінші кезектегі жол арқылы кесіп өтіп бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы көптеген дене жарақатарын алып, №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Алған жарақаттардан әйел адам ауруханада көз жұмды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды. Қажетті сараптама белгіленді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!