Ақмолада "алтын өндірген" діни ағым өкілі ұсталды

Фотография - Ақмолада "алтын өндірген" діни ағым өкілі ұсталды

Қазақстан қаржы полициясы халықаралық іздеуде жүрген, Ақмола облысының кеніштерінен алтын өндірумен айналысқан "дәстүрлі емес дін" өкілі Қуаныш Қапашев деген азаматты ұстады

240 0

Қазақстан қаржы полициясы халықаралық іздеуде жүрген, Ақмола облысының кеніштерінен алтын өндірумен айналысқан "дәстүрлі емес дін" өкілі Қуаныш Қапашев деген азаматты ұстады.

Қаржы полициясының облыстық департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр қарашада қаржы полициясы Бестөбе ауылында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтаған.

"Салафилік ағым өкілі Бестөбедегі және "Қазақалтын" компаниясына тиесілі кеніштерден заңсыз алтын өндіріп, рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысатын қылмыстық топ құрған" дейді қаржы полициясы.

Құзырлы органның дерегінше, күдікті топ кеніштерден құны 19 миллион теңгеге жуық алтын өндірген - деп хабарлады azattyq.org

Кейін Қуаныш Қапашевқа іздеу жарияланып, алтын өндіруге қатысы бар басқа да адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!