Іле Алатауындағы өрт өшпей тұр

Фотография - Іле Алатауындағы өрт өшпей тұр

Алатауы мемлекеттік Ұлттық табиғи бағындағы өртті Алматының жедел қызметі әлі ауыздықтай алмай отыр

221 0

Алатауы мемлекеттік Ұлттық табиғи бағындағы өртті Алматының жедел қызметі әлі ауыздықтай алмай отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Еске сала кетейік, жұма күні басталған өрттің салдарынан бір адам қаза тапқан еді. Ал өрттің шығу себебі әлі белгісіз болып отыр. Дәл осы сәтке дейін, тілсіз жау тағы бір гектар жерге жайылып үлгерді. Өрттің жалпы аумағы 7 гектарға жетсе, соның екі гектары орманды алқап, ал бесеуі құрғақ шөп пен бұталар. «ҚазӘуеОрманқорғау» мекемесі мамандарының айтуынша, өрт баяу және тым биік тау шатқалдарымен жылжып келеді. Мұнда шөптің құрғақтығы өртті жеделдетуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша, жалпы өртті сөндіруге 65 адам және Алматы қаласы мен облысының 8 техникасы, сондай-ақ, 4 тікұшақ жұмылдырылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!