Банкомат қызметкері банктан 16 млн. теңге жымқырып, барлығын құмар ойындарда ұтылып қалған

Фотография - Банкомат қызметкері банктан 16 млн. теңге жымқырып, барлығын құмар ойындарда ұтылып қалған

Тараз қаласында банкомат қызметкері банктан 16 млн. теңге жымқырып, барлығын құмар ойындарға жұмсап жіберген. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

182 0

Тараз қаласында банкомат қызметкері банктан 16 млн. теңге жымқырып, барлығын құмар ойындарға жұмсап жіберген. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Тараз қаласының полициясына екінші деңгейлі банктердің бірінің әкімшілігі арыз түсірген. Олардың айтуы бойынша, «Жансая» шағынауданында орналасқан банкоматты ашу кезінде 1 миллион теңге көлеміндегі қаржының жоқ екендігі анықталған. Ішкі істер органдары ұйымдастырған жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Аталған азаматтың банкоматтарға қызмет көрсетумен айналысатын техникалық қызметкер екендігі, яғни оның белгіленген банкоматқа еркін кіру мүмкіндігі болғандығы анықталды. Сондай-ақ тергеу кезінде күдіктінің ақша ұрлығымен ағымдағы жылдың тамызынан бастап айналысып келгені белгілі болды.

«Жалпы шығын көлемі - 16 миллион теңгеден астам. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, ол ақшаның барлығын құмар ойындарға жұмсап келген. Қазіргі таңда 3 миллион теңге және 1000 АҚШ доллары тәркіленіп алынды. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді Н.Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!