2 миллион теңге бопсалаған алматылық екі тұрғын ұсталды

Фотография - 2 миллион теңге бопсалаған алматылық екі тұрғын ұсталды

Алматыда 2 миллион теңге бопсалаған екі жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

269 0

Алматыда 2 миллион теңге бопсалаған екі жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағыты бойынша Алматы қаласы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде 2 миллион теңге бопсалаған алматылық екі тұрғын ұсталды. 33 жастағы ер адамды бопсалаған қаскүнемдер 1 миллион теңгені алып жатқан жерлерінен құрықталды», - дейді ресми өкіл.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабы (бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!