Шу ауданында есірткі тасымалдаушы ұсталды

Фотография - Шу ауданында есірткі тасымалдаушы ұсталды

Жамбыл облысы ІІД-нің «Дельта Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Шу ауданында жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде есірткі тасымалдаушыны ұстады

260 0

Жамбыл облысы ІІД-нің «Дельта Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Шу ауданында жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде есірткі тасымалдаушыны ұстады.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Жамбыл облысы ІІД-нің «Дельта Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Шу ауданында жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде «Көкқайнар» шекаралық бекетінде ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікке отырған 38 жастағы жолаушының, Шу ауданы тұрғынының спорттық сөмкесінен 11 келі марихуана және 1 келіге тарта гашиш табылды», - деді Н.Ораз.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру, арнайы және тергеу кешенді шаралары жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс бойынша күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!