"Темірбанктен" ірі көлемде ақша ұрланды

Фотография - "Темірбанктен" ірі көлемде ақша ұрланды

«Темірбанкке» ұры түсіп, 37 миллион теңгеден астам қаржыны кассадан алып кеткен.

172 0

«Темірбанкке» ұры түсіп, 37 миллион теңгеден астам қаржыны кассадан алып кеткен.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан банк ғимаратына қанша адамның ұрлыққа түскені белгісіз. Бірақ медициналық бетперде киген бір азамат касса жанындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оның саусақтарының және аяқ киімінің ізі де қалған. Терезеден түскен ұры 10 минуттың ішінде банкті тонап, кірген терезесінен қайта шығып кеткен. Полицейлер терезе жанынан теміртордың кесіктерін тауып алған. Теміртор кесіктерінің изолентамен оралғанына қарағанда, ұры терезенің сыртындағы торды алдын ала кесіп кеткен. Бір қызығы, бұл маң банк сыртындағы ешбір бейнебақылау камерасына ілікпейді екен.

Ермек Болтаев, қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

- 15 кассаның қызметкері жұмыс істейді. Сонымен қатар банкте ішкі қауіпсіздіктің қызметкерлері бар. Ол адамдар, әрине, күдікті бола ма, болмай ма ол тергеу жұмысы кезінде анықталады. Бірақ олардың барлығы міндетті түрде куәгер ретінде тергеушілердің сұрақтарына жауап беретін болады. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!