Қарулы қақтығыстың жолы кесілді

Фотография - Қарулы қақтығыстың жолы кесілді

Қызылордалық полицейлер қарулы қақтығыстың жолын кесті. Облыстық ішкі істер департаментіне осындай мәлімет түсе сала, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті

297 0

Қызылордалық полицейлер қарулы қақтығыстың жолын кесті. Облыстық ішкі істер департаментіне осындай мәлімет түсе сала, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті.

Нәтижесінде Шиелі-Қызылорда бағытындағы тасжолдың 33-шақырымында BMW 520 маркалы жеңіл көлікті тоқтатып, тексере келе жүргізуші мен қасындағы жолаушыдан 2 атыс қаруы тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша ТТ үлгісіндегі және травматикалық тапанша атуға жарамды болып шықты.

Ұсталған 2 күдікті азамат - 1993 және 1974 жылы туған Шиелі ауданының тұрғындары. Олардың үстінен ҚР ҚК 250-бабы 1-бөлігімен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы 24.kz хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!