Есірткі затын тасымалдаушы жасөспірім ұсталды

Фотография - Есірткі затын тасымалдаушы жасөспірім ұсталды

Тінту барысында, одан салмағы 6 келі 685 грамм болатын марихуана есірткі заты табылды.

143 0

Кеше, 24 қазан күні «Тәтті-Құрағаты» станциясы аралығында Көліктегі ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл нүктесінің жанынан Алматы облысының 17 жасар тұрғынын ұстады.

Тінту барысында, одан салмағы 6 келі 685 грамм болатын марихуана есірткі заты табылды.

Қазір ол Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!